Қала тазарып қалды

Бірнеше апта бойы әр жұма сайын тазалық жұмыстарын жүргізген екібастұздықтар 20 сәуір күнгі жалпықалалық сенбілікте де ауызбіршілік танытты. Мектеп аулалары, көше бойлары мен мекеме, кәсіпорын аумақтарын қоқыстан тазартуға шыққан тұрғындар тал-терек пен жиектастарды әктеп, ағаш отырғызды. Әдеттегідей денсаулық сақтау, білім беру мекемелері қызметкерлерінің, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің белсенділігі бірден байқалды. Бірқатар мектептерде бастауыш сынып оқушыларының…

Толығырақ

100 миллион текше метр су — несібе басы

Сәуірдің 19-жұлдызында Қ.Сәтбаев атындағы каналдың Шідертідегі №112 су босату қақпасы арқылы 60 миллион текше метр су жөңкілді. Енді №102 су қақпасынан 35 миллион және Комсомол ауылдық округі аумағындағы шлюзден 5 миллион текше метр су босатылмақ. Ырыздығын негізінен мал шаруашылығынан айыратын жергілікті халық үшін бұл шараның маңызы зор. Мұны қала әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Айнагүл Құрманова да құптай түсті:

Толығырақ

Екі балықшы суға кетті

15 сәуірде сағат 10.00-де Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына Солнечный кентіндегі Шаңдысор көлінде балық аулауға барған екі балықшының суға кеткені туралы хабар түседі. Оқиға болған жерге шұғыл жеткен құтқарушылар жасағының сол күнгі жұмысы нәтижесіз болды.  16 сәуірде сағат 12.05-те іздестіруді жалғастырған сүңгуірлер 12.45-те балықшының біреуінің денесін судан алып шықты. Ол 1975 жылы туған Ерлан Отарбаевтың…

Толығырақ

Ел чемпионаты басталды

15 сәуірде Екібастұз қаласында 2002 жылғы жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу салтанаты «Промсервис Отан» хоккей клубында өткізіліп, оған Қазақстанның әр облысынан  6 команда қатысты. Мұз айдынына Астана қаласының 2 командасы, Семей, Шымкент, Петропавл, Екібастұз қалаларының командалары шықты. Чемпионатқа қаламыздың атынан қатысып отырған «Екібастұз ПСО» командасы биылғы жылдың наурыз айында Теміртау қаласында…

Толығырақ

Бөлім қызметкерлері марапатталды

«Қайнар» ББК-да сәуірдің 5-і күні Көші-қон полициясының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өткізілді. Шара басында бейнеролик көрсетілді. Кө-ші-қон полициясы бөлімі қызметкерлерін құттықтаған қала әкімі аппаратының жетекшісі М.Адаспаева Көші-қон полициясының бастығы Г.К.Қылышпаеваға әкімнің құттықтау хатын тапсырды. Бұдан соң бірқатар қызметкерге, атап айтсақ: Г.Қылышпаеваға, Н.Ахтамбаевқа, Д.Ысқақовқа құқық қорғау органын-дағы еселі еңбегі үшін қала әкімінің Құрмет грамотасын, бөлім…

Толығырақ

Ең үздік, ең шығармашыл ұстаз

Үстіміздегі жылы наурыздың 18-19-ы күндері аралығында Шымкент қаласында технология пәні мұғалімдерінің арасында «Ең үздік, ең шығармашыл ұс-таз» атты республикалық байқау өтіп, оған біздің өңірден №25 қа-зақ қыздар гимназиясының тех-нология пәнінің мұғалімі Балхия Килажқызы Әбелдинова қатыс-ты. Сайыста республикамыздың әр облысынан келген таңдаулы, шығармашыл он жеті  ұстаз сын-ға түсті. Балхия Қилажқызы көр-меге өз қолымен жасаған шаш-бауларды, пайеткалардан жасал-ған панноларды, ұсақ моншақ-тардан жасалған бұйымдарды, газеттен тоқылған себеттерді, үлкен құмыраларды, тоқыма сә-лілерді, салфеткаларды ұсынды. Сайыстың нәтижесінде 1-орын-ды Б.К.Әбелдинова иеленіп, оған I дәрежелі диплом және ті-гін машинасы табыс етілді. Сайыс әсерлі де қызықты өтті. Ұстаздар-дың өзара пікір алмасып, ше-берліктерін шыңдауына осын-дай сайыстардың берері мол.

Толығырақ

Жастар жалындап жанса екен…

«Елімнің тағдыры — менің тағдырым» атты рес-публикалық форум ең алғаш Астана қаласында 2012 жылдың шілдесінде өткізілген болатын. Қала күні қарсаңында өткізілген бұл шараны ұйымдас-тыруға мұрындық болған көпфункциялы «Назар-баев орталығы» еді. Осыдан соң форумды ел айма-ғында өткізу бастамасы кеңінен қолға алынды. Ша-раның басты мақсаты — халқымыздың жетістіктері арқылы еліміздің толағай табыстарын көрсету.

Толығырақ

Самбошылар ерледі

Қостанай қаласында сәуірдің 4-6-сы аралығында самбо шеберлері арасында академик Шайсұлтан Шаяхметовтың 75 жасқа толу құрметіне арналған Қазақстан чемпионаты болды. Жарысқа елі-міздің барлық облысынан 150-ден астам палуан қатысып, бақ сынас-ты. Біздің қаламыздан чемпионатқа палуандар Тілек Беков пен Дәурен Мұқышев аттанған болатын. Жер-лестеріміз жарыстан жүлделі орал-ды. Тілек Беков 50-54 жастағылар арасында 1-орынды жеңіп алса, Дәу-рен Мұқышев 35-39…

Толығырақ