Жаңа жүйе енгізілді

Әр ата-ана баласының білімді адам, білгір маман болуын қалайды. Осы мақсатта біреулері «қыс қамын жаз ойлап», банктен есепшот ашып, мектеп жасындағы балаларына ақша жинай бастаса, екіншілері грантқа түсе алмаған ұл-қыздарын оқуға түсіру үшін несие алып жүр. Жалпы, елімізде білім алудың 2 тетігі бар. Біріншісі мемлекеттік грант арқылы оқу болса, екіншісі — ақылы оқу негізінде білім алу. Қазіргі кезде еліміздегі студенттердің 70%-ы ақылы бөлімде білім алады. Мемлекет тарапынан жоғары білім алуды қолжетімді етудің жаңа тетіктері қарастырылды. Ол — білім берудің мемлекеттік жинақтау жүйесі.

Толығырақ

Қалалық аурухананың бас дәрігері тағайындалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен Екібастұз қалалық ауруханасының бас дәрігері және Екібастұз аймағындағы денсаулық сақтау саласының жұмысын үйлестіруші қызметіне Марат Ғизатұлы Біләлов тағайындалды.

8 жыл бойы №3 қалалық емхананы басқарған Марат Ғизатұлы жаңа қызметін де абыроймен атқарып, аурухана жұмысын алға бастыра түсетініне сенім мол.

Өз тілшімізден

Керекуге жеңісті еншілеткен — Естай әндері

Күллі қазақтың арқасын қоздырып, абыройын асқақтатқан «Аймақтар аламаны» тележобасы Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өз мәресіне жетті. Төрт айға жуық он төрт облыстың өнері сынға түскен додада Кереку аймағы қара үзіп, шашасына шаң жұқтырмаған «Аламан» атанды.

Толығырақ

Маржан сөздің марғасқасы

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Күләнда Сүйрікбаеваның және №26 гимназия-мектебіндегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен IV қалалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Оған қала және ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.

Толығырақ

Әз-Наурыз — көктем тойы

Бар жақсылық наурыздан басталады. Үлкен-дердiң айтуынша, ертеректе, Ұлыстың ұлы күнi табиғат ерекше құбылыстарымен таң қалдырса керек. Наурыздың 21-нен 22-сiне қараған түнi сағат үштер шамасында ауаның тұнық кезiнде аспаннан гуiлдеп бiр дыбыс өтедi екен. Мұны төрт түлiктiң iшiнде қой ғана сезіп, аспанға қарап аңырып қалады. Қазақ бұл құбылысты «үт» деп атаған, халық арасында «үт келмей, құт келмейдi» деген сөз осыдан қалса керек.

Толығырақ

«Көктем өрнектері»

Қалалық өлкетану мұражайында қаламыздың қолөнер шебері Несіп Ахметованың «Көктем өрнектері» атты көрмесі ашылды. Көрмеге қазақы оюмен әспеттелген бітпес, сырмақ, қоржын, ұлттық киім қойылыпты. Тіпті, сөмкеге дейін түрлі оюмен өрнектелген. Бұдан басқа тұскиіз, кілем, жастықшалар сан алуан өрнегімен көздің жауын алады.

Толығырақ

Кәрлі қыспен қоштасты

Біздің өңірге көптен күткен көктем мерекесі де жетті. Екібастұздықтар қысты қуанышпен шығарып салып, көктемді құймақпен қарсы алды. Дәстүрлі Масленица мерекесі  қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян дәстүрлеріне байланысты пайда болған.

Толығырақ

Жеңімпаз атану жеңіл болмады

Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуде спорттық жарыстардың алар орны да бөлек. 14-17 наурыз аралығында №1 БЖСМ-нің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өткізілді. Наурыз мейрамына арналған жарысқа қатысқан 70-тен аса бала үш топқа бөлініп, шеберліктерін сынады. Ұлттық спорт түрімен шұғылданып жүрген ұл-қыздардың ойнау шеберлігі өскенін осы жолғы турнир де байқатып, жүлдеге қол жеткізу жеңіл болған жоқ. Турнирге «Екібастұз…

Толығырақ