Украинадан жеткен алғыс хат

«Зерде» мектебінің 11-«А» сынып оқушысы, көркемсурет мектебінің түлегі Әйгерім Әбсаттарованың есімі Екібастұз өңіріне жақсы таныс. Өткен жылы қалада жас суретшілер арасында өткен байқауда Әйгерімнің туындысы «Академиялық портрет» тақырыбында қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Сол жылы Әйгерім «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінде өзінің жеке көрмесін ұйымдастырған болатын.

Толығырақ

Мәдина — Наурыз аруы

15 — 16 наурыз күндері Павлодар қаласында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастыруымен «Наурыз аруы» байқауы өтті. Байқау «Мен қазақтың баласымын» (таныстыру), «Сымбатқа парасат сай келсе» (сұрақ-жауап кезеңі), «Анадан — тағлым, әжеден — ғибрат» (қолөнер), «Өнерпаз болсаң, арқалан» (өнер), «Қыздарға әсемдік жарасады» (кешкі сән үлгісін көрсету) кезеңдерінен тұрды. Байқауда…

Толығырақ

Тау шаңғысы таңсық болмайды

Биылғы қыс тау шаңғысын ұнататындар үшін ерекше есте қалмақшы. 2 ақпан күні құрылысын «Вершина» ЖШС-і жүргізген спорт базасы пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуынан құлағдар болған қалалықтар мұнда ертелетіп жетіпті, ішінде жастардың мол екенін көріп қуандық. Аяғына шаңғы байлап, жотадан сырғанауға әзір тұрған қауым алдында қалалық мәслихаттың хатшысы Болат Құспеков, қала әкімінің орынбасары Айгүл Марданова құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

Толығырақ

Жүлдегерлерге құрмет

№26 орта мектепте өткен «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар» атты салтанатты шарада мектепішілік, қалалық олимпиада жүлдегерлері марапатталды.

Қала, облыс, республика көлемінде өзінің білімі мен шығармашылық жетістігімен танылған оқушыларға құрмет көрсетіліп, мақтау қағаздары табысталды.

Толығырақ

Жайдары күлкіге кенелтті

Жексенбіде болған «Жайдарман» ойыны кезекті маусымға жиналған әзілсүйер көрермендерімен сағыныса қауышты. Үшінші маусымашарға Семей, Павлодар, Ақсу қалаларынан келген «Жайдарман» командалары зал толы жиналған жұртты жайдары күлкіге қарық қылды. Бұл жолы Баянауылдан ең көп команда қатысқан екен.

Толығырақ

Жас пианистер сайысы

Өткен аптада музыкалық мектептің өнерпаз оқушылары арасында «Жас пианист» атты байқау ұйымдастырылды. Жиырмадан аса бала қатысқан сайыс аса тартысты өтті. Қазылар алқасы балалардың өнеріне баға беріп, саз аспабын жақсы меңгерген дарындарды іріктеді.

Толығырақ

Жас зерттеушілер жүлдесі

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 26-28 қаңтар аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жас зерттеушілердің «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға Павлодар облысынан 16 оқушы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленді. Бұл жетістікте екібастұздық оқушылардың да үлесі зор. Қаламыздағы №1 лицей мектебінің оқушылары Елена Хивук (тіл білімі секциясы)…

Толығырақ