Ең үздік, ең шығармашыл ұстаз

Үстіміздегі жылы наурыздың 18-19-ы күндері аралығында Шымкент қаласында технология пәні мұғалімдерінің арасында «Ең үздік, ең шығармашыл ұс-таз» атты республикалық байқау өтіп, оған біздің өңірден №25 қа-зақ қыздар гимназиясының тех-нология пәнінің мұғалімі Балхия Килажқызы Әбелдинова қатыс-ты. Сайыста республикамыздың әр облысынан келген таңдаулы, шығармашыл он жеті  ұстаз сын-ға түсті. Балхия Қилажқызы көр-меге өз қолымен жасаған шаш-бауларды, пайеткалардан жасал-ған панноларды, ұсақ моншақ-тардан жасалған бұйымдарды, газеттен тоқылған себеттерді, үлкен құмыраларды, тоқыма сә-лілерді, салфеткаларды ұсынды. Сайыстың нәтижесінде 1-орын-ды Б.К.Әбелдинова иеленіп, оған I дәрежелі диплом және ті-гін машинасы табыс етілді. Сайыс әсерлі де қызықты өтті. Ұстаздар-дың өзара пікір алмасып, ше-берліктерін шыңдауына осын-дай сайыстардың берері мол.

Толығырақ

Жастар жалындап жанса екен…

«Елімнің тағдыры — менің тағдырым» атты рес-публикалық форум ең алғаш Астана қаласында 2012 жылдың шілдесінде өткізілген болатын. Қала күні қарсаңында өткізілген бұл шараны ұйымдас-тыруға мұрындық болған көпфункциялы «Назар-баев орталығы» еді. Осыдан соң форумды ел айма-ғында өткізу бастамасы кеңінен қолға алынды. Ша-раның басты мақсаты — халқымыздың жетістіктері арқылы еліміздің толағай табыстарын көрсету.

Толығырақ

Самбошылар ерледі

Қостанай қаласында сәуірдің 4-6-сы аралығында самбо шеберлері арасында академик Шайсұлтан Шаяхметовтың 75 жасқа толу құрметіне арналған Қазақстан чемпионаты болды. Жарысқа елі-міздің барлық облысынан 150-ден астам палуан қатысып, бақ сынас-ты. Біздің қаламыздан чемпионатқа палуандар Тілек Беков пен Дәурен Мұқышев аттанған болатын. Жер-лестеріміз жарыстан жүлделі орал-ды. Тілек Беков 50-54 жастағылар арасында 1-орынды жеңіп алса, Дәу-рен Мұқышев 35-39…

Толығырақ

Бөлім қызметкерлері марапатқа лайық

Биыл Қазақстан көші-қон полициясына 20 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті 1993 жылғы 5 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені» қабылдап, төлқұжаттық-визалық қызмет заман талабына сәйкес қайта ұйымдастырылған болатын. Арада алты жыл өткенде, яғни 1999 жылы төлқұжаттық-визалық қызмет көші-қон полициясы болып аталды. Осыған орай жаңадан құрылған мекеменің міндеттері мен құрылымы өзгерді. Көші-қон полициясы елімізге келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың елде жүріп-тұру тәртібін реттеумен қатар, уақытша тіркеу, тұрақты тұруға рәсімдеу, азаматтықты рәсімдеу, куәліктер мен төлқұжаттар беру сияқты мемлекеттік маңызды істерді атқарады.

Толығырақ

Аспаз қыз жүлдемен оралды

Павлодар қаласында кәсіптік колледждерде аспазшы мамандығын игеріп жатқан студенттер арасында облыстық конкурс өтіп, оған Екібастұздағы №4 кәсіптік колледждің 3-курс студенті Риза Геложиденова қатысып қайтты. Өзін-өзі таныстыру, пәндік тестілеу тапсырмаларын орындау кезеңдерін қамтыған байқаудың үшінші кезеңі тәжірибеге арналды. Бұл кезеңде Риза қазылар алқасының назарына өзі әзірлеген орама, фри-картоп, кәуап тағамдарын ұсынды. Байқауға аспаз қызды ұстазы Сәуле…

Толығырақ

Облыстан олжалы оралды

Өңірдің жас өнерпаздары қала намысын қорғап, облысқа танылып жүр. 1 сәуір күні Павлодар қаласында болған «Тазша бала» сайысына Екібастұз қаласынан Таңат Қайыртай барып қатысты. Төртүй ауылының өнерпазы Таңат 2010 жылы қала бойынша өткен сайыста жеңімпаз атанған болатын. Облыста болған байқауда ол өзін әр қырынан танытты. Көріністе дәрігер кейпін сомдап, Павлодар қаласын сүзеген сөзбен сипаттап та…

Толығырақ

Қос медальдің құны

Дүниеге сәбидің келуі бұл өмірдегі ең елеулі оқиға десек, мұндай оқиға перзентханада күн сайын қайталанып жатады. Ал Екібастұз қалалық перзентханасында таяуда сәбилердің іңгәсіне сүйінші хабар ілесе жетті: перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нығметжанова екі бірдей медальға ие болды!

Толығырақ

Пайдалы кеңестер берілді

Жақында «Атамұра» мәдениет орталығында қаржы басқармасының ақпаратты қамтамасыз ету және тілдік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, бірнеше оқу-әдістемелік құралдарының авторы Ш.Т.Кенжикованың қатысуымен іс қағаздарын қазақша толтыру және аударма мәселесі туралы семинар өтті.

Толығырақ

Ақтөбеде оқып жүр…

Ауыл мектебін бітірген түлектердің арман қуып жан-жаққа тарап кетуі — ертеден қалыптасқан үрдіс. Сол сияқты, ауыл адамдары арасындағы «пәленшенің баласы қандай оқуға түсіпті?» деген қызығушылық та жазда жыл сайын қайталанады. Осыдан екі жыл бұрын Ақкөлде «Амантайдың баласы әскери ұшқыш болатын көрінеді» деген әңгіме гу-гу ете қалды. Даладағы қазақ түгіл, қаладағы қазақ -біз де елеңдеп, таң қалып, таңдай қақтық. Таңданбасқа лаж жоқ, Ақкөлдің арғы-бергі тарихында бір-ақ адам — Бөгенбай Рысбеков ұшқыш болып, азаматтық авиацияда еңбек еткен. Сондықтан да болар, шалғайдағы Ақтөбеде оқып жүрген әлгі баламен жолығып, әңгімелесуге құмартып жүрдім. Биыл қыста оның да сәті түсті.

Толығырақ