«Толағай» отбасылық сайысы

№16 «Балдаурен» балабақшасында денсаулық апталығы өтті. Апта бойы балалардың, ата-аналардың және балабақша қызметкерлерінің қатысуымен алуан түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қызметкерлер арасында 3 топ өзара бақ сынады. «Бәйтерек», «Қыран» және «Тұлпар» командалары ойын барысында өздерінің күші мен ебін бәсекелестерінен асыруға тырысты.

Толығырақ

Ертіс-Баян өңірі қаламгерлерінің қоғамы құрылды

Таяуда Керекуде Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбайдың қатысуымен басқосу өтіп, облыс орталығында Одақтың филиалы ашылды. Отырысты облыс әкімі Ерлан Арынның өзі модератор болып жүргізуінен-ақ аталмыш шараның осы аймақтағы зиялы қауым үшін үлкен рухани жаңалық болғанын байқадық.

Толығырақ

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ әкімшілігінің Екібастұз қаласы мен Солнечный кенті тұрғындарына ҮНДЕУІ

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ әкімшілігі белсенді демалысты ұнататын адамдар мен балықшыларға Солнечный кентіндегі Шаңдақсор көлінде жылдың барлық мезгілінде балық аулауға тыйым салынғанын ескертеді!

Толығырақ

Баян үні әуеледі

Қаңтардың 18-і күні музыка мектебінде Павлодар қаласындағы музыка колледжінің түлегі, жас баяншы Еркеғали Қайырғазы-ұлының жеке концерті болып өтті. Концерт-ке мұғалімдер мен балалар жиналды. Еркеғали — кезінде осы музыка мектебінен түлеп ұшқан жастың бірі. Оның концертін тыңдауға келген ұстазы В.М.Солодков шә-кіртіне ақ жол тілеп, биік белестерді бағын-дыруына тілектестігін білдірді. Жеке концертінде Еркеғали Құрманғазы-ның «Адай», Пожарскийдің «Звездный…

Толығырақ

Қиялға қанат бітірген…

Жақында қаламыздағы сурет мектебі ұйымдастыр-ған «Қысқы қиял» атты аймақтық фестивалінің қоры-тынды кеші болды. Балалар шығармашылығына ар-налған бұл сайыс музыка мектебінің ғимаратында өт-кізілді.

Толығырақ

Қонақүй кешені ашылды

Новоселов көшесіндегі ескі автомектеп ғимаратының ор-нында сәні мен салтанаты ке-ліскен «Гүлдер» қонақүй кешені бой көтерді. Жоба «Жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарлама-сының аясында жүзеге асты. Кешеннің иесі кәсіпкер Гүлбан Шәпиева өз ойын іске асыруда «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан үлкен қол-дауға ие болғанын айтты.

Толығырақ

Депутаттар «бәрекелді» десті

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары С.Оспанов («Нұр отан» ХДП), Н.Жазылбеков («Ақжол» ДП), Т.Өмірзақов (Қазақстан Коммунистік партиясы) Екібастұзда болып қайтты.

Толығырақ

Күдікті ұсталды

Жаңа жыл мерекесінен кейін қаламызда жантүршігерлік оқиға орын алып, жас қыздың мүрдесі қала шетіндегі жырадан табылған болатын. 4 қаңтарда белгісіз азаматтың Д. атты қызға күш көрсетіп, әурелегені туралы қалалық ІІБ-на хабар түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде «Жалын АП -784» экипажындағы Павлодар облысы МКҚБ Екібастұз қалалық полиция батальонының полиция қызметкерлері оқиға болған жерге жетті. Полиция қызметкерлері Строительная…

Толығырақ