Баян үні әуеледі

Қаңтардың 18-і күні музыка мектебінде Павлодар қаласындағы музыка колледжінің түлегі, жас баяншы Еркеғали Қайырғазы-ұлының жеке концерті болып өтті. Концерт-ке мұғалімдер мен балалар жиналды. Еркеғали — кезінде осы музыка мектебінен түлеп ұшқан жастың бірі. Оның концертін тыңдауға келген ұстазы В.М.Солодков шә-кіртіне ақ жол тілеп, биік белестерді бағын-дыруына тілектестігін білдірді. Жеке концертінде Еркеғали Құрманғазы-ның «Адай», Пожарскийдің «Звездный…

Толығырақ

Қиялға қанат бітірген…

Жақында қаламыздағы сурет мектебі ұйымдастыр-ған «Қысқы қиял» атты аймақтық фестивалінің қоры-тынды кеші болды. Балалар шығармашылығына ар-налған бұл сайыс музыка мектебінің ғимаратында өт-кізілді.

Толығырақ

Қонақүй кешені ашылды

Новоселов көшесіндегі ескі автомектеп ғимаратының ор-нында сәні мен салтанаты ке-ліскен «Гүлдер» қонақүй кешені бой көтерді. Жоба «Жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарлама-сының аясында жүзеге асты. Кешеннің иесі кәсіпкер Гүлбан Шәпиева өз ойын іске асыруда «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан үлкен қол-дауға ие болғанын айтты.

Толығырақ

Депутаттар «бәрекелді» десті

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары С.Оспанов («Нұр отан» ХДП), Н.Жазылбеков («Ақжол» ДП), Т.Өмірзақов (Қазақстан Коммунистік партиясы) Екібастұзда болып қайтты.

Толығырақ

Күдікті ұсталды

Жаңа жыл мерекесінен кейін қаламызда жантүршігерлік оқиға орын алып, жас қыздың мүрдесі қала шетіндегі жырадан табылған болатын. 4 қаңтарда белгісіз азаматтың Д. атты қызға күш көрсетіп, әурелегені туралы қалалық ІІБ-на хабар түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде «Жалын АП -784» экипажындағы Павлодар облысы МКҚБ Екібастұз қалалық полиция батальонының полиция қызметкерлері оқиға болған жерге жетті. Полиция қызметкерлері Строительная…

Толығырақ

Аты озғандар анықталды

«Екібастұз дауысы — ақпараттық орталығы» ЖШС «Отарқа» газетінің редакциясы жыл сайын мерзімдік баспасөзге жазылу науқаны кезінде қоғамдық таратушылар арасында байқау жариялайды. Таяуда сол байқаудың қорытындысы шығарылды. Кәсіпорындар арасында І орынды «Сарыкөл» кеніші, ІІ орынды «Богатырь Көмір» ЖШС-і иеленді. Мемлекеттік мекемелер арасындағы жүлделі І орын   №18 қазақ орта мектебіне, ІІ орын №1 емханаға, ІІІ орын қалалық «Жедел жәрдем» станциясына бұйырды.

Толығырақ

Балықшы суға батып кетті

Солнечный кентіндегі МАЭС-2 станциясына қарасты суқоймада қайғылы оқиға орын алды. «Toyota Carina» көлігімен балық аулауға келген 3 жігіт жағалаудан алысырақ кетіп қалған екен. Станциядан жіберілген ыстық су мұзды тым жұқартып жібергенін ескермеген балықшылар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Жұқа мұз ойылып, көлік су астына кете бастағанда жүргізуші мен оның жанында отырған жігіт көліктен шығып үлгерген. Ал артқы…

Толығырақ

«Ақылды жаяу жүргінші»

Қазір ел аймағында «Ақылды жаяу жүргінші» атты насихаттау акциясы өткізіліп жатыр. Бұл акция балаларды жол ережесін сақтауға шақыру, кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында өткізіліп отыр. Акция аясында біздің қаламызда да іс-шаралар атқарылып жатыр. Сондай шаралардың бірі қалалық білім беру бөлімінде болып өтті. Шараға тиісті органдардың басшылары мен қала мектептерінен 1-5-сынып аралығындағы оқушылар қатыстырылды.

Толығырақ