Ұялы байланысты арзандатпақ ниетте

Таяуда Үкіметте Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Қазақстандағы ұялы байланыс қызметін дамытуға қатысты арнайы отырыс өтіп, онда ұялы байланыс құнын арзандату жайы талқыланды. Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 2015 жылға қарай ұялы байланыс құнын 40 пайызға дейін төмендетудің жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жөнінде ұялы байланыс операторларымен келісімге қол жеткізілген. Жиынға қатысқан ірі байланыс компанияларының өкілдері…

Толығырақ

Еңбектері еленді

Адам қашанда еңбегімен қадірлі. Жақында қала әкімдігі ғимаратында Энергетиктер күні қарсаңында энергетика саласының дамуына үлес қосып, өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарған азаматтарды марапаттау рәсімі болып өтті. Қала әкімі А.Ф.Вербняк «Экибастузэнергоремонт» ЖШС қазандықтар және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарі Б.З.Әбдірахмановқа, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС турбиналық жабдықтарын пайдалану цехының турбина бойынша энергоблок…

Толығырақ

Қаланың келешегі кемел

Желтоқсанның он тоғызы күні қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста он мәселе қаралды.

Ең алдымен Екібастұз қалалық әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Ирина Назарчук 2013-2015 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы баяндама жасады. 2013 жылы Екібастұз қаласының бюджет көлемі 7150040,0 мың теңге деп белгіленіпті.

Толығырақ

Балалар шаттыққа бөленді

«Өнер» қалалық мәдениет орталығында ұйымдастырылған қала әкімінің дәстүрлі шыршасына қатысу құрметіне қаладан және ауыл-аймақтан 436 дарынды бала ие болды. Оның ішінде 200 оқу озаты, 120 спортшы, 116 көркемөнерпаз қатысты. Ерекше безендірілген ғимараттың өзі ертегі әлеміне ұқсап қалғандай. Жылтырақ әшекейлер, жалаушалар көздің жауын алады. Олардың ішінде шараның ең басты көркі әрі кейіпкері жаңажылдық әсем шырша балалардың көзайымына айналды. Мерекелік әуендер, жан-жануарлар мен ертегі кейіпкерлері және көңілді клоундар бірден балаларды баурап алды. Ұлдар мен қыздар өнер жарыстырып, өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Толығырақ

Бас шыршаның шамы жағылды

Көптен күткен Жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Қалалықтардың басты назары -орталық шыршада. Биыл жаңажылдық бас шырша «Қазақстан» кинотеатры алаңына орнатылыпты. Алаң жыл белгісі — жылан мен басқа да мұз мүсіндермен безендірілген. Әйтсе де, жарақтандырылған шырша жылдағыдан жұтаңдау көрінді. Түрлі аңдар мен ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген жұрт қол ұстаса алаңдағы шыршаны айналып, Аяз ата мен…

Толығырақ
shygyseksk

«Шығыс» кенішінде роторлы экскаватор жаңартылды

ENRC тобының құрамына кі-ретін «Еуразиялық энергетика-лық корпорациясы» АҚ «Шы-ғыс» кенішінде SRs(K)-2000 №4108 роторлы экскаваторын жаңарту жұмысы аяқталды. Экскаватордың модернизация-сы кеніштің инвестициялық бағдарламасына енген болатын. 2010 жылы қолға алынған жоба-ны жүзеге асыруға компания   27 млн. АҚШ долларын жұмсады.

Толығырақ