Бояулар әлемінде

Өткен аптада «Шахтер» саябағында «Бояулар фестивалі» өтті. Байқасақ, бұл үнділердің «Холи» деген ұлттық мерекесіне ұқсас дүние екен. Үндістанның жарқын бояулармен әспеттелетін көңілді мерекелерінің бірі – бенгалдық жаңа жыл. Аталмыш шараны алғаш рет қолға алған қаламыздың тұрғыны Дария Валивач былай деп түсіндірді: — Алдыңғы жылы Ресейдегі «Яровое» демалыс орнында болғанымда сол жердің демалушылары үшін осы фестиваль…

Толығырақ

Көру алаңына саяхат

«Нұр Отан» партиясы жастармен бірге «Өлкетану» акциясы аясында қаламыздың тарихи жерлеріне саяхат жасап жүр. Бұған дейін де аңызға арқау болған Екібастұз көлі, кенді өлке ретінде танылған Екібастұздың кеніштері, Қ.Сәтбаев атындағы су арнасы жастардың назарына ұсынылған болатын. Осы жолы «Нұр Отан» партиясы ЕФ кеңесшісі Айнамкөз Рахымжанова бастаған топ «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көру алаңына баруға тілек білдірді.…

Толығырақ
20160711_090251

Көріктендіруге атсалысады

Балалардың еңбек мау­сымы жалғасуда. Абай көшесінің бойында №2 мектептің оқушылары жұмыстарын бастағалы жатыр екен. Бүгін екінші маусымның алғашқы күні болғандықтан, бала­лар бригадирдің жұмыс алаңын көрсетуін тосып отыр. Жетекшілері Дар­хан Боранбайұлының қарамағында 10 бала бар. — Еңбек жасағына ең алды­мен аз қамтылған не толық емес отбасылардың балалары алынып отыр. Бірінші маусым- да жұмыс істеп, келесісіне қатысуға…

Толығырақ
DSC_9829

Оқушылар — кәсіпорында

Оқушыларды еңбекке баулу, оларға жауапкершіліктің мәнін үйретуде педагогтардың еңбегі зор. Кейінгі жылдары оларды баулып қана қоймай, оқушыларға өздерінің керек-жарағын сатып алуға мүмкіндік жасау мақсатында жоғары сынып оқушыларының еңбек жасақтары ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларынан құралған топтар қаланы көріктендіруге үлестерін қосып жүр. Қаламыздағы №17 мектеп әкімшілігі 2012 жылдан бері жаңа бастама көтеріп, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққандар…

Толығырақ
DSC_0386

Жастар жұмысқа кірісті

Сәрсенбіде студенттік жасақтың еңбек маусымы ашылды. Аталған шара «Достық үйінің» салтанат залында өткізіліп, онда қаланың жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері жиналды. Биыл Екібастұз қаласының студенттерінен төрт топ жасақталды. Жасақ құрамындағы жастар саны 180-ге жуық. «Жасыл ел» жасақшылары Екібастұз өңірін көріктендіруге үлес қосатын болады. Құрылыс жасағының бір бөлігі  Жасыбайдағы «Қарлығаш» лагеріне аттанып, қызу жұмысқа кірісіп…

Толығырақ
DSC_9916

Жаңа өмірге жолдама

Бүгінде заман талабына сай мамандық беріп, кәсіби мамандарды даярлау – оқу орындары үшін өзекті мәселе. Өңірімізге қажетті мамандарды оқытып, кадр дайындауда Қ.Сәтбаев атындағы техникалық институт өзінің қомақты үлесін қосып жүр. Аталған оқу орнын биыл 341 түлекті бітіріп отыр. Жуырда жаңа өмірге жолдама алған түлектерге салтанатты түрде диплом табысталды. ЕИТИ-де қазіргі кезде 1029 студент білім алып…

Толығырақ
IMG_3464

Аттандық сапарға, көңілде мол арман

17 маусым күні екібастұздық түлектер үшін атаулы күн болды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынақтарын тапсырған өрендер енді жаңа өмірге жолдама алмақшы.   Орталық алаңға жиналған жұртшылықтың адында қала әкімі Қайрат Теміршотұлы сөз сөйлеп, бүгінгі күн түлектердің жылдар бойғы маңдай терінің нәтижесі, алған білімінің көрсеткіші екенін жеткізді. Ұстаздардың да еңбегі зор екенін атап өтті. Айтпақшы, биыл Екібастұз…

Толығырақ
орнамент

«Жас ұрпақ, саған аманат!»

Атаның кейінгіге айтқан өсиеті – өмірлік тәрбиесі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген. Өмірден білген-түйгенін жұртпен бөлісіп, кейінгі буынға жөн сілтеп жүрген ақсақалдар көп. Ата мен баланың арасындағы келелі кездесу №26 гимназия-мектебінде өтті. «Жас ұрпақ, саған аманат!» атты кездесу кешіне Сағымбай қажы, Амангелді ата, Клара Тілеуғабылқызы, Мәрияш Шәймерденқызы, Мұстафа Ыбырайхан ағалар келді.

Толығырақ
сайт

«Тақиялы періште» сахналанды

Әйгілі режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі сюжетінің тартымдылығымен ел есінде мықтап орын алғаны шындық. Киноның негізгі мазмұны – ақ жаулықты ананың ауылдан қалаға келіп, Айша есімді қызды ұнататын баласына қалыңдық іздеу жорығына арналады.

Толығырақ
4524OsQXGMSsmtk

ЕҢ ДӘМДІ БАУЫРСАҚ

Ұлттық тағамды насихаттауды әрі Наурыз мерекесі қарсаңында студент жастардың басын қосуды мақсат тұтқан жастар бастамалары орталығы «Ең дәмді бауырсақ» деп аталатын шараны қолға алды. Аталған шара Екібастұз инженерлік техникалық институтында өткізілді.

Толығырақ