Алимент әке бола алмаса да…

«Біздің топырағымызда туған кез келген сәби — қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс.

Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасірет екендігі рухында тәрбиелеу керек, өйткені оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. «Әкесі қой баға білмегеннің баласы қозы баға білмейді». Бала тәрбиесі — тек ананың емес, ата-ананың екеуінің де міндеті. Ал болған іс болған екен, онда әке алимент төлеуге тиіс. Мемлекет жалғызбасты аналарды қолдауы және алимент төлемегені үшін жазаны күшейтуі керек».

Толығырақ

Қартаярын білмеген жандар бар

Сәлімжан

Аялдамада автобус күткен адамдардың ішіндегі алпысты алқымдаған мына бір ер адамды шырамытқандаймын. Иә, иә, бұл біздің ауылда тұрған Сәлім-жан ғой! Сақал-мұрты өсіп, азып-тозып кетіпті, кезінде қандай азамат еді! Қандай деймін-ау, оның ішіне кім кіріп-шығыпты? Әйтеуір ауылда тұрғанда киімі дұрыс, өңі жарқын болатын. Балалары да тәрбиелі, әйелі де көпке сыйлы. Қай түлен түрткенін кім білсін, Сәлімжан мен әйелі балалары аяқтанып, немере сүйген салиқалы шақтарында ажырасты да кетті.

Толығырақ

Салтанат сәні бұзылса…

Заңды некеге тұру — жас жұбайлар өміріндегі аса әдемі кезеңнің бірі. Ақ көйлек киіп, той гүлдестесін ұстап, неке сақинасын тағатын тамаша сәтті әрбір бойжеткен армандайтын болар.

Толығырақ

Еңбек майданы салғырттықты кешірмейді

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастар тәжірибесіне көп көңіл бөлінуде. Жас буынның тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып, кейіннен еңбекке етене араласып кетуі үшін жайлы жағдайлар туғызылуда. Тәжірибенің тура жолға бастап апаратын баспалдақ екенін жете түсінгендер осыны пайдаланып, білмегенін үйренуге, білгенін көрсетуге тырысып, оңтайлы сәтті дұрыс пайдалана біледі. Сөйтіп, тәжірибе кезінен-ақ ұжымнан ойып тұрып орын табады.

Толығырақ